ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін 325-тен астам учаске бар
ШҚО-дағы қауіпті аймақта қар көшкінін мәжбүрлеп түсіру үшін жарылыстар жүргізілді
Өңірде қар жауып, жел соғып тұр, осыған байланысты қар көшкіні қаупі сақталады, еп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдемесіне сүйеніп.
"Қазселденқорғау" ШҚО филиалының мамандары қар көшкіні жүруі мүмкін таулы аймақтарда жарылыс жасап, қар массасын алдын ала сырғытып түсіруде.
"Өскемен-Алтай" автожолында жер бедері жағынан ең күрделі учаскелердің бірі орналасқан және жел қарды үрлеп тастайды. Бұл аумақта мамандар 4 рет жарылыс жасап, 11660 текше метр қарды түсірді.
Қар жамылғысының құрылымы мен оның қозғалысына талдау жасалады. Содан кейін қар көшкінін жүргізу/жүргізбеу туралы шешім қабылданады, - деп түсіндіреді "Қазселденқорғау" филиалының ШҚО басшысы Омар Дүзгімбаев.
Құтқарушылар бес-жеті текше метр қар көшсе де адамға зиян тигізуі мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан жолға шығар алдында жүргізушілерге ауа райын біліп алуды сұрайды.
Егер адам қар көшкіні астында қалса, қардың көшу бағытын анықтауға тырысу керек.
Оны түкіру арқылы анықтауға болады. Түкірігіңіз қайда ақса, демек ол төменгі жағы. Сізге қарды керісінше бағытта қазу керек, - дейді ШҚО ТЖД құтқарушылары.