Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да христиандардың суға шомылу рәсіміне 20 орын дайындалды

18-інен 19 қаңтарға қараған түні әлемнің бүкіл православ қауымы үшін суға шомылу діни рәсімі өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да христиандардың суға шомылу рәсіміне 20 орын дайындалды
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Қазіргі таңда облыстағы қалалар мен әр ауданның жергілікті әкімдіктері суға шомылуға белгілеген орындарында құтқарушылар қауіпсіздік шараларын жасауда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО ТЖД құтқарушылары мұздың беріктігін сол жерде тексеріп, ойықтар жасайды.

Мұзға үсті қауіпсіз болуы үшін қалыңдығы кем дегенде 10 см болуы керек. Шығыс Қазақстанда құтқарушылар, дәрігерлер, полицейлер кезекшілік ететін барлығы 20 орын анықталды. Жалпы саны 270 адам және 65 бірлік техника жұмылдырылатын болады.

Шомылғысы келетіндер үшін қалалар мен аудандардың әкімдіктері жылыну үшін шатырлар орнатты.

Діни рәсім оқыс оқиғасыз өтуі үшін қарапайым ережелерді сақтау керек: алкогольді ішпеу, ересектерсіз балаларды суға жібермеу, мұз ойығында бір минуттан артық болмау, созылмалы аурулары бар адамдарға шомылмау. Рәсім үшін дәрігерлер мен құтқарушылар кезекшілік ететін жабдықталған орындарды ғана таңдаңыз. Өзіңізбен бірге оңай шешілетін және тайғанамайтын аяқ киім, үлкен түкті сүлгі немесе халат пен ыстық шай алыңыз, - деді ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының басшысы Игорь Лапенлавский.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша бүгінгі түні Өскемен, Глубокое және Шемонаиха аудандарында ауа температурасы 17-22 аяз, Алтай, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай және Зайсан аудандарында 25-тен 32 градусқа дейін аяз күтіледі.

Следующая →