Биыл Өскеменде қанша жаңа мектеп ашылады?
Алдағы жылдары жаңа мектептер ашу мен олардың құрылысы бойынша белсенді жұмыс жүргізу жоспарланып отыр
![Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл Өскеменде қанша жаңа мектеп ашылады? Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл Өскеменде қанша жаңа мектеп ашылады?](/upload/iblock/4eb/9johmzd42gw8liobf4qr8x7kvz6yw3lx/imgonline_com_ua_Resize_NVEWiA61gcRFuz.jpg)
Бұл туралы жоспармен қала әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
2023 жылы “Нұрлы Жол” ықшам ауданында жаңа мектеп ашылады. Бұл мектеп – жаңа ықшам аудан құрылысының кешенді жоспарының бір бөлігі. Кешенді жоспарда үйлер ғана емес, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым да қарастырылған. Жаңа мектептің сыйымдылығы – 600 орын, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, 2023 жылы "Жайлы мектеп" жобасы бастау алады. Бұл ұлттық жобаның мақсаты – сапалы әрі жайлы білім беру үрдісіне тең қолжетімділіктегі теңгерімсіздікті жою.
Өскеменде осы жоба аясында білім ордалары жеткіліксіз үш ауданда мектеп салынбақ, - деп атап өтті шаһар басшысы. - Жобаның барлық мектептері бірыңғай стандартта болады. Оның ішінде, мектеп кеңістігін рәсімдеу, жылдамдығы 100 Мбит/с кем емес Интернет желісіне қолжетімділік, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін бейімдеу.
2023 жылы жоба бойынша 19-шы ықшам ауданында 600 орындық екі мектептің және Бабкина мельница кентінде 300 орындық бір мектептің құрылысы басталады. Олар 2024 жылы пайдалануға берілмек.
2024 жылы Спорт кешені ауданында 600 орындық және 23-ші ықшам ауданында 300 орындық мектеп салу жоспарда бар.