ШҚО тәртіп сақшылары ірі есірткі арнасының жолын кесті
Полиция қызметкерлері өңір аумағына марихуана жеткізумен айналысқан ер адамды ұстап, ірі есірткі арнасының жолын кесті
Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Өскеменде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында есірткі заттарын сату үшін сақтаған 39 жастағы азамат ұсталды. Ол мемлекетаралық іздеуде жүрген болып шықты. Тұрғылықты жеріне тінту жүргізу кезінде полицейлер өткір иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған 790 полиэтилен ораманы тапқан, - делінген ақпаратта.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 28 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты.
Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Есірткі саудасымен айналысқан адам 10-нан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.