Өскемен
ясно
-19°
  • Өскемен
    -19°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Актау
    +6°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -11°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -13°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    -8°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    -5°
$
515.89
-7.83
536.32
-7.77
¥
70.7
-1.05
5.17
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР Ұлттық ұланының құрылғанына 31 жыл толды

10 қаңтар - Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскерлерінің құрылған күні

Усть-Каменогорск и ВКО / ҚР Ұлттық ұланының құрылғанына 31 жыл толды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және жеке бастың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауға арналған. Бүгінгі күні, 31 жыл көлемінде Ұлттық ұлан өзіне тапсырылған міндеттерді абыроймен атқарып келеді.

Мәселен, "Қаңтар оқиғас" кезінде де Ұлттық ұлан жауынгерлері алдыңғы шепте тұрды. Қатардағы Айбат Аманов және қатардағы Мадияр Қайсаров сынды сарбаздарымыз ерлікпен қаза тапты. Ол сарбаздар Ұлттық ұлан жауынгерлерінің есінде мәңгі қалады.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімі Отанымыздың тыныштығын күзетуде айтулы рөл атқарып келеді. 6699 әскери бөлімі Қызметтік атқару жүйесінің мекемелерін күзету, қызметтік атқару жүйесінің мекеме аумағындағы азаматтардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және сотталғандарды айдауылдау бойынша жауынгерлік міндеттерді атқарады, - дейді 6699 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Мақсұт Жүсіпбеков. - Сонымен қатар, «Қаңтар оқиғасы» кезінде 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті деп сенімділікпен айта аламын. Өскемен қаласында алаңдағы арпалыста кері шегінбей, бүлікшілердің жолын бөгеймін деп жарақат алған әскери қызметшілеріміз де болды. Атап айтатын болсақ кіші сержант Асхат Намазбаев, ефрейтор Ануар Мусин, ефрейтор Ерасыл Тұрысбеков. Аталған әскери қызметшілер мемлекет тарапынан марапаттарға ие болды.

imgonline-com-ua-Resize-JlEiP6Tuh3.jpg

2022 жылдың басынан бері 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жауынгерлік қызмет барысында жоғарғы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Солардың ішінде аға сержант Токтарханов, қатардағы Суханов пен Таранов, қызметтік ит үйретуші ефрейтор Рахимов , сержант Сахариев жауынгерлік қызмет барысында қызметтік атқару жүйесінің мекемесіне техника өткізу пункті арқылы тыйым салынға заттарды кіргізбекші болған азаматтарды ұстады. Қатардағылар Забара және Куштукулов қызметтік атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған зат лақтырмақшы болған азаматтың жолын кесті. Сержант Базаров сотталғандарға келген туыстарының сөмкелерін тексеру барысында тыйым салынған заттарды анықтады.

Ұлттық ұлан жауынгерлері Қазақстан халқына көмек қолын созуға әрқашан дайын екеніне ешқандай күмән жоқ. Оны Ұлттық ұлан жауынгерлері әрдайым дәлелдеп келеді, - дейді подполковник Мақсұт Жүсіпбеков.


Следующая →