Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -10°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -9°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    -6°
$
523.72
-0.14
544.09
-0.25
¥
71.75
-0.02
5.2
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да "Аңсаған сәби" бағдарламасы арқасында 212 бала дүниеге келді

Өткен жылы осы бағдарлама бойынша ЭКҰ-ға 488 квота бөлінген болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да  "Аңсаған сәби" бағдарламасы арқасында 212 бала дүниеге келді

Облыста өткен жылы бала сүйе алмай жүрген 792 жұп тіркелген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ӘМСҚ ШҚОФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтырғы квота бойынша 293 жұпқа экстракорпоральды ұрықтандырудың (ЭКҰ) рәсімі жүргізілді, 141 әйел аман-есен босанды. Қазір 122 әйел экстракорпоральды ұрықтандырудан кейінгі жүктілік бойынша есепте тұр.

2023 жылы өңірде 777 бедеу жұп тіркелді. Олардың 239-ында "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында ЭКҰ алу мүмкіндігі бар, өйткені биыл өңірге сонша квота бөлінді. Мамандардың айтуынша, бағдарламаға кіру қиын емес.

Пациент МӘМС шеңберінде көмекші репродуктивті технологиялар бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымды өз бетінше таңдайды. Содан кейін жоғары технологиялық медициналық қызметтер комиссиясының (ЖТМУ) қорытындысын алу үшін тіркелген жері бойынша өзінің учаскелік дәрігеріне жүгінуі қажет, - дейді ШҚО бойынша отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық жөніндегі үйлестіруші Надира Слямханова.


Учаскелік дәрігер пациентті бедеулікпен тіркелген диспансерлік науқастардың (ЭРДБ) электрондық регистріне енгізеді. Тиісті тексеруден өткеннен кейін және бедеуліктің себептерін анықтаған соң 12 ай ішінде бейінді маманның қорытындысы негізінде учаскелік дәрігер МӘМС есебінен көмекші репродуктивті технологияларды жүргізу туралы мәселені шешу үшін пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі комиссияға жібереді. Оң шешім қабылданған кезде госпитализация бюросының порталында пациент құжаттардың толық пакетімен тіркеледі. Оған экстракорпоральды ұрықтандыру жүргізу күні мен уақыты айтылады.

Айта кетейік, биыл бұл қызметтерді еліміздің жеті өңірінде: Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарында орналасқан 19-ға жуық медициналық ұйым МӘМС аясында тегін көрсетеді.

Биыл қатысушыларға арналған бағдарламада 42 жасқа дейінгі шектеулер қарастырылған. Өйткені әйелдердің ресурстарын да ескеру керек, жылдар өткен сайын аналық без қоры азаяды, - деп ескертті Надира Слямханова.

Маманның айтуынша,дәрігерлер үшін де, болашақ аналар үшін де жүктіліктің қауіпсіз жүруі маңызды. Сондықтан әйелдер ЭКҰ-дан кейін босанғанға дейін мамандардың үнемі бақылауында болады.

Егер осы бағдарлама бойынша сұрақтар туындаса, емделушіге қолдау көрсету қызметіне хабарласып және өз емханаңызда сұрай аласыз. Егер сізге жергілікті жерде көмектесе алмаса, онда сіз әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ыңғайлы байланыс арнасы арқылы өтініш жібере аласыз: Ресми сайт fms.kz, байланыс орталығы 1406, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Следующая →