Тұрақтандыру қорындағы көкөністердің бағалары арзандауда
ШҚО әкімінің орынбасары Өскемендегі тұрақтандыру қорының санын үш есеге арттыру керектігін айтты
Фото:
zdorblog.com
2 ақпаннан бастап картоп, орамжапырақ, сарымсақ, сәбіз және қызылшаның бағасы «Ертіс» ӘКК дүңгіршектерінде 60 теңгеден сатылады. Ал мекемемен келісім жасасқан дүкендер бағаны 10%-ға көтереді (1кг-66тг).
- Өткен жылы қала базарларындағы жеміс-жидек өнімдерінің бағасы тұрақтандыру қорынан әлде қайда жоғары болады. Биыл өнімдердің көп болғандығынан ба, әлде басқа себептердің әсерінен бе жеке кәсіпкерлер бағаларды төмен қойып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті болу үшін біз тұрақтандыру қорындағы азық-тұліктің бағасын тағы төмендетіп отырмыз, - деді «Ертіс» ӘКК бас маманы Анар Ашимханова.
Өскемен қалалық кәсіпкерлер бөлімінде «Ұлан Жеміс» және «Батай» шаруақожалықтары бағаларды халықтың барлық санатына қол жетімді болу үшін төмендетіп отырғандығын айтты.
Айта кету керек, көкөністердің бағасын төмендетуге қатысты шешім ШҚО әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусиннің төрағалығымен өткен жергілікті тұрақтандыру қорын басқару комиссиясының отырысында қабылданды. Дәл осы жиында Өскемендегі тұрақтандыру қорының санын үш есеге арттыру керектігі айтылды.
Көкеністердің бағасы 1 наурызға дейін арзан болып, кейін қымбаттауы мүмкін.