Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге келген кезде ол туралы барлық ақпарат базада шығып тұрады, медициналық сақтандыруының бар/жоқтығы да көрсетіледі
Дәрігерлер медициналық сақтандыру жоқ адамдар да жүгінетіндігін жоққа шығармайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Бұндай жағдайда дәрігерлер науқасты қараудан бас тарта ма?
Дәрігер міндетті түрде тексеру жүргізеді және тағайындау жасайды. Өйткені учаскелік дәрігердін қабылдауы тегін медициналық көмектің кепілдік көлеміне (ТМККК) кіреді. Бірақ науқасты талдау, анализ тапсыруға немесе тар маманға жібере алмайды. Себебі жүйе дәрігердің одан әрі әрекетін блоктайды. Осыған байланысты науқастар тарапынан түсініспеушілік туындап, дәрігерлер үстінен шағымданып жатады.
Әлеуметтік маңызы бар аурулары (туберкулез, АИТВ, созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы, қатерлі ісіктер, қант диабеті, психикалық бұзылулар, церебральды сал ауруы және т.б.) бар пациенттер ТМККК шеңберінде тар бейінді маманның консультациясы мен диагностикасына құқылы. Сондай-ақ, егер науқаста өткір жағдай немесе жарақат болса, маманнан кеңес алуға болады, - деп түсіндірді Өскемен қаласының №1 Емханасы жалпы тәжірибе дәрігері Гүлмира Мирхат. - МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады.
МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды: