Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде қазақ тілін үйрететін орталықтар саны артып келеді

Облыс орталығында қазақ тілін меңгергісі келетіндерді тегін оқытатын орталықтар саны көбеюде

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде қазақ тілін үйрететін орталықтар саны артып келеді
Фото:
автордікі

Ең бірінші "Кел, сөйлесейік" тегін қазақ тілі клубы қаладағы Оралхан Бөкей атындағы кітапханада жұмысын бастаған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Үйірменің мақсаты – өзге ұлт өкілдерін күнделікті тұрмыста қазақ тілінде емін-еркін сөйлесуге үйрету. Бүгінгі таңда бұндай орталықтар саны төртеуге жетті. Сұраныс көп, алдағы уақытта кәсіпорындар мен сауда орындарында да осыдай клубтар ашылмақ.
Кезекті клуб орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің № 2 кітапхана бөлімшесінде ашылды. Бүгін Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар клубтың жұмысымен танысып, қазақ тіліне деген құрметі мен ынтасы зор оқырмандармен кездесті.

Алғашқы қазақ тілі клубы өткен жылдың аяғында Оралхан Бөкей атындағы кітапханада ашылды. Ол жерде қазақ тілін жетік меңгерген Надежда Шушаникова, ал бұл № 2 кітапхана бөлімшесінде (Гагарин бульварындағы) Салтанат Миронова келушілерге қазақ тілін үйретіп жүр. Сондай-ақ, бұндай клуб "Альшемали" СҮ-де ашылды, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. - Біздің бастамамызды кәсіпкерлер де қолдап, ұжымдарындағы қазақ тілін меңгергісі келетіндер үшін осындай клубтар ашу туралы ұсыныстар білдіріп жатыр.

Одан өзге, қазір орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №9 кітапхана филиалы (М. Горький көшесі) - балалар кітапханасында да топ құрылып, Надежда Шушаникова балаларға қазақ тілін үйретіп жүр.

Бұндай тіл клубтарына ақы төлеудің қажеті жоқ. Кез келген жастағы ниетті азаматқа есік ашық. Өзіңізге ыңғайлы мекенжайдағы орталыққа келіп, өзіңізге ыңғайлы уақыттағы топқа жазыла аласыз.

Біз халық көп келетін орындарда да осындай тіл орталықтарын ашқымыз келеді. Мәселен, "Альшемали" СҮ-де ашылды, алдағы уақытта қаладағы басқа да үлкен сауда орындарында да ашылады деген ниеттеміз, - дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. - Халық қызығушылығы артып келеді. Өйткені бұл жерде қазақ тілінің қатып қалған қағидаларын меңгерту емес, қарапайым ауызекі сөйлесуді үйрету көзделген. Күнделікті тұрмыста, халықтың бір-бірімен қазақ тілінде еркін байланыс жасауы үшін жағдай жасалуда.


Следующая →