Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО оқушысы "Қасиетті домбыра" республикалық байқауының жүлдегері атанды

AMANAT партиясының "Жастар рухы" жастар қанаты "Қасиетті домбыра" республикалық байқауын өткізді

Новости Казахстана / ШҚО оқушысы "Қасиетті домбыра" республикалық байқауының жүлдегері атанды
Фото:
AMANAT партиясының ШҚОФ баспасөз қызметі ұсынды

Байқау қорытындысы жаряланып, жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі AMANAT партиясының ШҚОФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл байқау қазақ мәдениетінің қазынасы - домбыраның құндылығы мен маңыздылығын арттыру және жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен құрметін ояту мақсатында ұйымдастырылған.

Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан 8-сынып оқушысы Айзере Зарыққанқызы "Ең үздік күйші" (шертпе күй) номинациясының 3-орын иегері атанды.

Қазақтың күй өнері арқылы жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі кезек күттірмес мәселе. Қасиетті күйімізді дәріптеп жүрген жерлесіміз Айзереге және осындай үлгілі ұрпақ өсіріп отырған ата-анасы мен ұстаздарына алғыс білдіремін, - деді AMANAT партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Сайрангул Жумадилова.

Күй – біздің халқымыздың рухани болмысының, дүниетанымы мен мәдениетінің тұғыры биік асыл мұрасы. Ал домбыраны біздің ұлтық аспаптарымыздың ең киелісі деуге болады.

Қасиетті домбырамызды әспеттейтін маңызы терең, мағанасы зор шара ұйымдастырғандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Сонымен қатар, Айзеренің анасы ретінде осы бағытта жақсы жетістікке жетуіне үлкен үлес қосқан жетекшісі Бағдат Құмарғалиқызының еңбегін атап өтіп, ерекше ризашылығымды білдіргім келеді, - деді Айзеренің анасы Гүлмира Ахметқалиқызы.

Следующая →