ШҚО тұрғындары біреудің жылқысын атып өлтіріп, оның етін сатпақ болған
ШҚО полицейлері облыста мал ұрлаумен айналысып жүргендерді ұстады
Облыстың үш тұрғыны бөтеннің жылқысын атып, оны әрі қарай сату үшін бөлшектеп көлікке салып алған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары таңертең "Шешек" асуында патрульдеу барысында шамадан тыс жүгі бар автокөлікті тоқтатқан. Автокөліктің салонында 29 жастағы жүргізушіден өзге тағы екі азамат болған.
Көлік құралын тексеру кезінде тәртіп сақшылары магистральдан тиісті құжаттарсыз тасымалданатын бөлшектелген жануардың тушасын тапқан, - делінген хабарламада. - Жолаушылардың бірі көлікке қарай келе жатқан полиция қызметкерлерін көріп, көлікте жатқан қылмыс қаруынан, атап айтқанда атыс қаруынан құтылмақ болып мылтықты қарға лақтырған.
Жауап алу кезінде күдіктілер түнгі сағат екіде Ұлан ауданы Мамай батыр ауылына қарай шыққандарын айтқан. Жолда жақын жерде жайылып жүрген жылқыны мылтықпен атып өлтіріп, тушаны бөлшектеген. Өскеменге барар жолда жануардың терісі мен басын лақтырып жіберіп әрі қарай етті сату үшін жолға шыққан.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның барысында қылмыстық топ бұрын Ұлан ауданының аумағында мал ұрлығымен айналысқаны анықталды. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жалғасуда. Оларға қатысты ҚР ҚК-ның 188-1-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ер адамдар үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлады ШҚО ПД.