Кеше ШҚО-да үш адамға иіс тиіп қалған
Глубокое ауданындағы анасы мен қызы, ал Риддерде 19 жастағы бойжеткен ажал аузынан қалды
Бұл оқыс жағдайларға жер үйлердің пештеріндегі ақау себеп болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.
8 қаңтарда Глубокое ауданының Тәжірибе алаңы ауылында 1975 жылы туған әйел мен оның 2006 жылы туған қызы көміртегі тотығымен уланған. ШҚО ТЖД мамандары бұл ьжазатайым оқиғаға тұрғын үйдің пешінің мұржасында тарту күші болмауы себеп болғанын анықтады. Осындай себепті сол күні Риддер қаласының аумағындағы Бутаково ауылында көміртегі тотығымен уланып, 19 жастағы тұрғын ауруханаға жатқызылды, - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Жылыту кезеңі аясында жоғарыда аталған жағдайларды болдырмау үшін ШҚО ТЖД құтқарушылары тұрғын үй секторында уақтылы нұсқаулықтар өткізген. Ауа температурасының күрт жылынуы түтін мұржасының жұмысына тікелей әсер етеді.
ШҚО ТЖД мамандары тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жер үй секторында жиі рейдтер жүргізеді. Қазірдің өзінде 137 000-нан астам үйді аралды. ШҚО ТЖД инспекторлары мен өрт сөндірушілері әр үйде өрттің алдын алу жұмыстарын жүргізді. Біздің басты міндетіміз - үйдің әрбір иесіне өрт пен көміртегі тотығымен уланудың алдын алу үшін ескерту жасау, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
Рейдтердің нәтижесі көрсеткендей әрбір үшінші үйдің пешінде кемшіліктер бар: мұржа тазаланбаған, пеш алдында металл парақтар орналастырылмаға, пеш немесе қайырмада жарық болуы. Құтқарушылар тұрғындарға өз өмірлері өз қолддарына екендігін ескертеді.