Жыл соңына дейін ШҚО-дағы 100 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылуы керек
AMANAT партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті
Жиын барысында Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының пайдаланылмаған және ҚР заңнамасын бұза отырып заңсыз сатып алынған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарудың жай-күйі туралы баяндамалар тыңдалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ағымдағы жылдың соңына дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша пайдаланылмай жатқан 100 мың га жерді мемлекет меншігіне қайтару міндеті қойылған. Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде жергілікті атқарушы органдар мен агроқұрылымдармен жерді пайдалану мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге жергілікті атқару органдарының мәліметі бойынша жеткізілген жоспарға сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік меншікке қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында тиісті Алгоритм жасалып, оны орындау бойынша жұмыс жүргізілуде. Жылдың соңына дейін 100 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылады, - деп атап өтті ШҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис.
Сондай-ақ, 2023 жылға арналған көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару реформасының іске асырылуын, оның жүргізу барысына партиялық бақылау жасаудың Жол картасын бекіту және Шығыс Қазақстан облысының мүлік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу туралы да сөз етілді. ШҚО құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы басшысының орынбасары айтуынша, осы жылы бірқатар ауқымды мәселелер өз шешімін тапқан. Яғни, Өскемен қаласында 428 орындық медициналық колледжге арналған жатақхана нысандарының құрылысы аяқталған.
ҚР Ұлттық жобасының түзетілген жоспарына сәйкес облыс бойынша тұрғын үйді іске қосудың 2022 жылғы жоспарлы көрсеткіші – 347,7 мың м2 құрайды. Бұл республикалық жыл сайынғы орташа өсімнің-101% болып табылады. 2022 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге (41 жоба) 21 163,9 млн. теңге қарастырылған болатын. Ағымдағы жылдың соңына дейін құрылыс колледжінің 244 орындық жатақхананың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Ал Көпсалалы колледж жатақханасының құрылысын аяқтау 2023 жылға жоспарланған, - деді Азамат Ахмамбетов.
Отырыс “Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!” сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде баяндамалармен жалғасын тапты.
Ағымдағы жылы автожолдарды жөндеуге 4 579,9 млн теңге бөлінді, оның ішінде облыстық маңызы бар жолдарға 1 338,5 млн теңге, аудандық жолдарға 3 241,4 млн теңге. Облыс бөлінгенге дейін 154 шақырым автомобиль жолдарын жөндеу қарастырылған, бүгінгі таңда бөлінуге байланысты 120 шақырым автомобиль жолдары жөнделген. "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша 2022 жылға 97 км көшені жөндеуге 2 257,7 млн.теңге бөлінді. Барлық нысандар бойынша жұмыстар аяқталды, - деді Н. Тұраров.