Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР-да моноқалаларды қаржыландыру лимиті ұлғайтылмақ

Республика бойынша жалпы 27 моноқала бар. ШҚО-дағы Алтай, Риддер, Серебрянск қалалары моноқалаларға жатады

Новости Казахстана / ҚР-да моноқалаларды қаржыландыру лимиті ұлғайтылмақ

Үкімет елдегі моноқалаларды одан әрі дамыту жоспарын қарастырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сүйеніп.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында моноқалаларды дамыту жөніндегі жоспарлар қаралды.

Қазіргі уақытта республикада 27 моноқала бар. 1,4 млн адам тұратын қалаларда 32 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді. 2015 жылдан 2021 жылға дейін аталған елді мекендерде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,3-тен 11,2 трлн теңгеге дейін өсті, бұл ел бойынша жалпы көрсеткіштің 29%-ы, - дейді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, бүгінгі таңда 2,1 трлн теңгеге 86 «зәкірлі» жобаның пулы қалыптастырылды. Бұл жобалар моноқалаларда тау-кен металлургия және химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, машина жасау және т. б. салаларда 18 мыңнан астам жұмыс орнын ашты.

Жалпы оларды одан әрі дамыту үшін тұрғын үй қоры мен инженерлік инфрақұрылым объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттен бөлінетін қаражаттың жыл сайынғы лимитін ұлғайту, елді мекендердің әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешу бойынша мастер-жоспарлар әзірлеу, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылады.

Мемлекет басшысы бекіткен даму бағдарламаларын орындау кезінде ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, сондай-ақ өңірлік экономиканы әртараптандыру және азаматтарды жұмыспен қамту үшін келешегі бар «зәкірлі» жобалардың тізбесін өзектендіру қажет, - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, отырыста теміржол машинасын жасау және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы өзекті мәселелер қаралды.

Следующая →