Өскеменде полицейлер есірткі сатушысын ірі тауар партиясымен ұстады
Ұсталған азаматтан 10 келіден астам кептірілген марихуана мен шамамен 2 келі гашиш тәркіленді
Ұсталғаннан кейін күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілеме жасап.
Өскемен қалалық ПБ Ертіс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері бау-бақша қоғамдарының бірінде салмағы 105 грамнан асатын марихуананы өткізу фактісін анықтады, - делінген хабарламада. - 31 жастағы жергілікті тұрғын есірткіні 27 жастағы ер адамға 38 000 теңгеге сатқаны белгілі болған.
Көп ұзамай, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, ҚР ІІМ арнайы сарбаздары, ШҚО ПД КҚО және Полиция басқармасының ЖКБ бөлімшелерімен бірлесіп күдікті отырған "ВАЗ" автокөлігін тоқтатқан. Ұстау кезінде оның скотч-лентамен оралған сөмкесі табылған. Сонымен қатар автокөлікті тінту кезінде спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті ұнтақ заты бар үш орама табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, орамада 10 килограмнан астам кептірілген марихуана және шамамен 1,9 килограмм гашиш болған. Ұсталғаннан кейін күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген хабарламада.