ШҚО құтқарушылары Ресей Федерациясының 12 азаматын қар құрсауынан эвакуациялады
Шемонаиха ауданындағы "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" республикалық маңызы бар автожолында 12 адам қолайсыз ауа райына байланысты жолда қалды
Оларға ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жол талғамайтын "ТРЭКОЛ" автокөлігімен көмекке келді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ресей Федерациясының 12 азаматы, оның ішінде 2 бала қауіпті аймақтан эвакуацияланды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Адамдар Шемонаиха қаласының қонақ үйіне орналастырылды. Онда жергілікті атқарушы органдар тамақ пен жылы орындар дайындап қойған.
Қазіргі уақытта өңірде 15 автожол жабық күйінде қалып отыр.
ШҚО ТЖД азаматтардан ауа райы тұрақтанғанша барлық сапарларды тоқтатуды сұрайды.
Тәуекелге бармаңыз және өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Аймақта 06 қаңтарда дауылдық ескерту жарияланған: түтек боран, көктайғақ. Ауа райы туралы "Дармен" мобильді қосымшасынан білуге болады, - деп хабарлады мамандар.