Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлттық ұландықтар қаңтар оқиғасында қаза болған қос сарбазды еске алды

Осыдан бір жыл бұрын елімізде орын алған қилы күндерде Қарағандыда қос сарбаз қаза тапқан болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Ұлттық ұландықтар қаңтар оқиғасында қаза болған қос сарбазды еске алды
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен

Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдерде "Мәңгілік сапта" бір күндік еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәліметіне сүйеніп.

Ұландықтар қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан әскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рухына құрмет көрсетіп, бір минут үнсіздік жариялады. Осыдан бір жыл бұрын Ұлттық ұланның қос сарбазы марқұм қатардағы Мадияр Қайсаров пен Айбат Аманов жаппай тәртіпсіздік кезінде өздерінің жауынгерлік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан болатын.

Дәл осы күні халқымыздың басына түскен қиын-қыстау кезеңде Ұлттық ұландықтар өздерінің табандылығы мен қайсарлықтарының арқасында тайсалмас беріктігін көрсете білді. Біз әр әскери адам өзінің жауынгерлік міндетін орындауға қашанда дайын болуы керектігін есте сақтауымыз қажет! Ол үшін әрқайсыңыз табанды да батыл әрі халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында өзін құрбан етуге әзір болуыңыз тиіс! - деді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, халық қаҺарманы полковник Қайрат Үмбетов.

Естеріңізге сала кетейік, жауынгерлік міндетерін орындау барысында көрсеткен қайсарлықтары үшін қаңтар оқиғасында қаза тапқан қарағандылық қос сарбаз Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров Президент Жарлығымен ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған болатын.

Следующая →