Мемлекет басшысы қаңтар құрбандарына құран бағыштады
Осыдан бір жыл бұрын еліміздің түкпір-түкпірінде толқулар басталып, жаппай дүрбелеңге ұласқан еді
Бұл қилы күндерде 250-ге жуық жан қаза болды, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.
Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, былтыр қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштады.
Оған дейін Мәжілістің жалпы отырысында қаңтар оқиғасына қатысты баяндама оқылды. ҚР бас прокуроры Беріс Асылов пен ішкі істер министрі Марат Ахметжано бір жыл бойғы жүргізілген тергеп-тексеру, зерттеу жұмыстарының нәтижесімен бөлісті.