ШҚО-да Ұлттық ұлан сапы 200 жас сарбазбен толықты
Өскеменге Жетісу, Павлодар, Ақмола, Ақтөбе облыстарымен қатар Алматы қаласынан жас сарбаздар келді
Өскемендегі 5518 әскери бөлімінде күзгі шақырылым сарбаздары әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жетісу, Павлодар, Ақмола, Ақтөбе облыстарымен қатар Алматы қаласынан шақырылған жас сарбаздар туысқандары мен жақындарының алдында салтанатты түрде әскери ант берді, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы Бағдат Амангелді. - 2-2022 жылғы жас шақырылымның жеке құрамы бір ай көлемінде жауынгерлік қызметтің негізін зерттеп, арнайы дайындықтан өтті.
Жақын арада жас сарбаздар жауынгерлік қызметке кірісіп, Өскемен қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті күзететін болады.