Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +13°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменнің батыл тұрғындары министрдің марапатына ие болды

Адам өміріне араша түскен облыс орталығының үш тұрғыны ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен марапатталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменнің батыл тұрғындары министрдің марапатына ие болды
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Оларға "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісі салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Андрей Ильенков, Николай Саломаев және Рустем Сарипов марапатталды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, 30 қараша күні Бажов көшесіндегі жер үйде түн ортасында өрт шыққан. Оны өтіп бара жатқан Рустем Сарипов байқап қалып, сол үйге көрші тұратын Николай Саломаевты оятып, екеуі терезені сындырып кіріп шырт ұйқыда жатқан үй иесін алып шыққан. Дәл сол түні Дальневосточная көшесінде де өрт шыққан. Қала тұрғыны Андрей Ильенков өрт сөндірушілер келгенше түтінге оранған үй ішінен үш адамды алып шықты, оның біреуі бала еді.

Қазақстан Республикасы ТЖ министрінің атынан көрсеткен батылдықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Көмек қолын созу - нағыз құрметке ие маңызды адами қасиет. Осындай қадамға әркім бара бермесі анық. Біздің жерлестеріміздің арасында осындай өскелең ұрпаққа үлгі болар ерлердің бары қуантады, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Ерлан Нұрпейісов.



Следующая →