ШҚО таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін
Алдағы үш күнде қар қалың түсіп, жел күшеюі мүмкін. Сондықтан да таулы аудандарда қар көшкіні жүру қаупі бар
Бұл туралы "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары ескертті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қолайсыз метеожағдайларға – қардың түсуі мен желдің күшеюіне байланысты 27-30 желтоқсан аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар, - деп хабарлажы "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары.
ШҚО ТЖД бұл уақытта тауға барудан бас тартқан дұрыс екендігін еске салады. Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді. Тау етегінен өтіп бара жатқанда тоқтамай, жылдам кетіп қалуға тырысқан жөн.
Төтенше жағдайға тап болған жағдайда "112" бірыңғай нөміріне қоңырау шалу қажет.