Келесі жылы коммуналдық қызметтер тарифі өседі
Еліміздегі инженерлік желілерді жөндеу және жаңғырту қажеттілігінен тарифтер көтерілуі мүмкін
Әр өңірдегі тарифтер жеке қаралатынын атап өтті ұлттық экономика министрі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі kaz.tengrinews-ке сілтеме жасап.
Кеше Парламент Сенатының пленарлық отырысы өтіп, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын таныстырды.
Өзгеріс келесі жылдың екінші жартысында болады. Себебі, мемлекеттік меншіктегі тиісті субъектілер өз жұмыстарын жаңғыртуы қажет. Желілер жаңартылуы керек. Кем дегенде, экспортты қысқарту керек. Біздің есептеулеріміз бойынша экспортты шамамен 15-20 пайызға қысқартамыз
Иә, тариф көтеріледі. Басқа жол жоқ. Бірақ, әрине, бұл әлеуметтік мәселелерді жұртшылықпен талқылаймыз, - деді Қуантыров.
Министр тарифтерді көтеру мәселесі әр өңірде жеке қаралатынын түсіндірді. Монополистер тарифтік өзгерістерді министрлікпен келісетін болады.
Ең күрделі нысандарды қарап жатырмыз. Олар мұқият зерттеліп, содан кейін тиісті тарифті көтеру мәселесі қарастырылады. (...) Мысалы, Екібастұзда субъект тарифті 2,5 есеге көтеруді ұсынды. Әрине, бұл мүмкін емес. Жалпы, тарифті көтеру мәселесін талқылаймыз, - деп қосты ол.