Өскемен
малооблачно
-9°
  • Өскемен
    -9°
  • Алматы
    -3°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -21°
  • Шымкент
    +1°
$
511
+0.82
602.72
+0.81
¥
72.85
+0.25
6.49
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі дарынды балалар әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен танысты

Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 112 жыл толуына орай Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімінде ашық есік күні ұйымдастырылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі дарынды балалар әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен танысты
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Ашық есік күні аясында Өскемендегі Білім-инновация лицейінің оқушылары әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.

Келушілер назарына әскери қару-жарақтың түр-түрі және әскери ұрыс техникалары да ұсынылды. Балалар әскери өмірді көріп, арнайы әскери киім үлгілері, әскери техника және қару-жарақ түрлерімен, сонымен қатар радиациялық, химиялық және биологиялық қауіп төнген кезде киетін арнайы киім үлгілерімен танысты, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жауынгерлер оқушылар назарына қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінен көрініс көрсетті. Іс-шара барысында оқушылар сарбаз асханасында түскі астан дәм татты.

Әскери бөлімде ашық есік күнін өткізу арқылы біз болашақ Отан қорғаушы ұрпаққа әскери-патриоттық, Отан алдындағы азаматтық борышты өтеудің маңыздылығын түсіндіреміз. Бұл жастардың өз елі сүюге үйрететін, оларды адалдыққа тәрбиелеудегі басым бағыттардың бірі болып табылады, - деп атап өтті бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Абзал Таждинов.

Следующая →