Өскемен
облачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +31°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +23°
  • Шымкент
    +27°
$
476.27
515.47
¥
65.55
5.41
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да Президент шыршасы өтті

ШҚО орталығында ҚР Президенті мен облыс әкімінің дәстүрлі шырша мерекесі өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да Президент шыршасы өтті
Фото:
ШҚО Ақпараттық орталығы АКҚ-дан

Облыстың әр өңірінен 9-13 жас аралығындағы 450 бала мерекеге қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығы ақпаратына сүйеніп.

Олардың қатарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары, ерекше білім беруді қажет ететін ұлдар мен қыздар, сондай-ақ мектепте, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар бар.

Баршаңызды облыс әкімі Даниал Ахметовтің атынан келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Осы жылы бәріңіздің жақсы оқып, жетістіктерге жетіп, байқаулар мен жарыстарда жеңімпаз болғандарыңызға өте қуаныштымын. Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің болашағы цифрлық технологияларда екенін жиі айтады. Балалар, сендер үшін осы салада білімді әрі білікті болу, нақты ғылымдарды түсініп, тілдерді, тарих пен әдебиетті білу және заман көшіне ілесу өте маңызды. Жаңа жылда сіздерге және ата-аналарыңызға денсаулық, жақслық, сондай-ақ ұстаздарыңызға зор шыдамдылық пен парасаттылық тілеймін! Бұл шырша әрқайсыңыз үшін жарқын және ұмытылмас мерекеге айналсын. Өз Отандарыңды сүйіп, туған елдеріңнің патриоты болыңдар! - деп құттықтады ШҚО әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев.

ҚР Президентінің атынан 200 бала ашықхат, кітап және 150 мың теңгенің сертификаты мен тәтті сыйлықтарға ие болды.

Мен көпбалалы отбасынан шыққандықтан осы мерекеге шақырту алдым. Мереке өте қызықты өтті. Осы жерден жаңа достар таптым, барлығымыз би билеп, ойын ойнап, көңіл көтердік. Маған барлығы ұнады, - дейді 6-сынып оқушысы Нұрлан Сайлауов.


Следующая →