Өскеменде заманауи құралдармен жабдықталған әйелдерге кеңес беретін бөлімше ашылды
Жаңа медициналық мекеме Шәкәрім көшесіндегі бұрынғы жедел медициналық көмек ауруханасының ғимаратында орналасқан
Бұндай бөлімше елімізде тек Астанада болған. Енді Өскеменде ашылып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Диагностикалық кеңес бері орталығы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде тіркелген жері бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының мамандарының жолдамасы бойынша бала туатын жастағы әйелдерге және тәуекел тобындағы жүкті әйелдерге қызмет көрсетеді.
Біздің бекітілген арнайы жоспарымызға сәйкес қаламызда қалалық, облыстың деңгейдегі медициналық мекемеледің саны жылдан жылға артып, сапасы жоғарылап келеді. Бқл ғимараттың өзіндік тарихы бар, мұнда бұрын перзентхана болған. Кейін облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен «Парыз» қорынан қаржы бөлініп, іші-сыртын толықтай жөндеуден өткізіп, жаңа жабдықтармен қамтамасыз еттік. Мұнда білікті дәрігерлер болашақ аналарға жақсы медициналық қызмет көрсетіп, аналардың денсаулығын нығайтып, сәбилерін аман-есен дүниеге алып келуге жәрдемдеседі деп үміттенемін, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.
Клиенттерді орталықтың жоғары және бірінші санатты дәрігерлері, акушер-гинекологтары, жүкті әйелдерге арналған терапевт, генетик, санологтар, эндокринолог, кардиолог, травматолог, неврапотолог, стоматолог, функционалдық диагностика дәрігерлері қабылдайтын болады.
Енді мұнда бала жоспарлаған, экстрагенитальды аурулары бар, қауіпті топтағы жүкті әйелдерге жоспарлы кеңес берілетін болады. Сондай-ақ, дәрігерлер гинекологиялық аурулары бар, несеп-жыныс жүйесі мүшелерінің дамуындағы туа біткен ауытқулары бар жасөспірімдерді қабылдайды. Білікті мамандардан контрацепцияның заманауи әдістерін қолдану, босануға психопрофилактикалық дайындықтан өту, сондай-ақ серіктеспен босану туралы барлық ақпаратты алуға мүмкіндік бар, - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сагидуллина.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша облыс орталығында бала туу жасындағы әйелдер саны 94 мыңнан астам. Өткен 2022 жылдың 11 айында 9 032 бала туылды, есепте тұрған жүкті әйелдер саны 5 140, ал қауіпті топтағы жүкті әйелдердің үлесі 40 пайызды құрады.
Енді диагностикалық кеңес беру орталығы жылына қауіпті топта есепте тұрған 2 мыңға жуық келіншекке көмек көрсетпек.