Кеше Ұлан ауданында бес адам боранда қалып қойды
Қар құрсауынан шыға алмаған жолаушылар құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған
Құтқарушылар бүгін де өңірде қатты жел мен күтілетіндігін ескертеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кеше түн ортасында Ұлан ауданындағы Бозанбай және Ақжартас ауылдарының арасында "УАЗ Патриот"автокөлігімен 5 адам боранда қалып қойған, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Олар құтқарушылардан көмек сұрады. Оқиға орнына келген Ұлан ауданының №13 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері 5 адамды жақын маңдағы Бозанбай кентіне жеткізді, онда адамдар туыстарының үйіне орналастырылды.
ШҚО ТЖД аймақтағы қатты жел мен боран туралы алдын ала ақпарат таратқан болатын. Құтқарушылар халықтан тәуекелге бармауды және қолайсыз ауа райында елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды.
Жабық трассалар мен ауа райы жағдайлары туралы "Дармен" мобильді қосымшасынан білуге болады.
Төтенше жағдай кезінде "112" нөмірі бойынша хабарлау қажеттігін еске саламыз.