Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде Алматыдан келген курьер ұсталды

Алматыдан ШҚО-ға келген азамат заңсыз жұмыспен айналысқан

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде Алматыдан келген курьер ұсталды
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Ол "Альфа-pvp" психотроптық затын қойып кетпекші болған жерінен ұсталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.


Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҰ арнайы мақсаттағы бөлімшесімен және "Сергек" АБК инспекторымен бірлесіп, Барнауыл көшесінде есірткі қойып кетуші курьерді ұстады. Күдікті 27 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.


Аумақ учаскесін тексеру барысында тәртіп сақшылары лентамен оралған ораманы тапқан, оның ішінде ақ түсті ұнтақ салынған 45 кішкене орама болған. Сонымен қатар, ұсталған адамның уақытша тұрып жатқан үйіне тінту жүргізілген, нәтижесінде полицейлер психотроптық заттарды орауға арналған заттарды тапқан.


Сараптама қорытындысына сәйкес бумалардың ішіндегі зат жалпы салмағы 23 грамнан асатын "Альфа-pvp" психотроптық заты екені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Осы факті бойынша ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіні он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр, - делінген хабарламада.

Следующая →