Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да заңсыз пиротехника сататындарды тексере бастады

ШҚО ТЖД мереке қарсаңында қауіпсіздік ережелерін еске салды. Өткен жылы жаңажылдық мерекелер кезінде 20 рет өрт шыққан

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да заңсыз пиротехника сататындарды тексере бастады

Құтқарушылар халық мереке кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытып кетіп жататындықтарын айтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары жаңа жылдық іс-шараларға тартылған 301 нысанды есепке алды. Білім беру объектілерінде және бұқаралық іс-шараларды өткізу жоспарланатын орындарда ТЖ қызметінің мамандары кезекшілік ететін болады. 11 жедел топ құрылды. Пиротехникалық өнімдерді рұқсатсыз сату орындарын анықтау үшін полиция қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық рейдтер басталды, қазірдің өзінде 14 рейд жүргізілді, - деп атап өтті Нұржан Өміржанов.

ШҚО полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Айдын Карибаев ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес 196 және 483-баптар бойынша сертификатталмаған өнімді сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салады. Сондай-ақ, 436-бап бойынша жұмыс күні 23.00-ден кейін салют атқандарға, тек жаңажылдық түннен басқа, 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.

Бүгінгі таңда облыста 4 ұйым пиротехникалық заттар сатуға рұқсат алды: оның екеуі Өскемен қаласында, тағы екеуі Алтай ауданында.

Следующая →