Өскемен
пасмурно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +15°
$
447.15
+1.01
485.74
+0.87
¥
61.83
+0.15
4.8
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бүгін Қостанайда жылу құбыры жарылды

Апат болып, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірі жылусыз қалды

Новости Казахстана / Бүгін Қостанайда жылу құбыры жарылды
Фото:
редакция мұрағатынан

Бүгін Қостанай қаласындағы Уральская көшесінде жылу құбыры жарылып, бір көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарылыс туралы "Қостанай жылу энергетика компаниясының" баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасаған.

20 желтоқсанда Уральская көшесіндегі жерасты жылу құбырының диаметрі 108 мм болатын бөлігі жарылды. Апат шамамен таңғы сағат 08:00 шамасында болды. Құбырды қалыпқа келтіру жұмыстары сағат 13:00-18:00 аралығында жүргізіледі. Осыған байланысты Уральская 23 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үй жылудан ажыратылды, - деп мәлім етті "Қостанай жылу энергетика компаниясының" баспасөз қызметі.

Еске салайық, таяуда Қостанай көшелердің бірінде кәріз жүйесі жарылып, жол бойына су жайылғанын жазып едік.

Следующая →