ШҚО таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін
Алдағы үш күнде облыстың таулы өңірлерінде қар көшкіні жүру қаупі бар
"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының ақпараты бойынша қолайсыз метеожағдайлар себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Устинка LIVE.
"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының ақпараты бойынша қар түрінде жауын-шашынның және желдің күшеюіне байланысты 19-22 желтоқсан аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкінінің өздігінен түсу ықтимал.
ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға тауға барудан бас тартуды ұсынады.
Қар көшкіні қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өткен кезде тоқтамастан қауіпті аймақтан жылдам өтіңіз, - деп ескертеді құтқарушылар. - Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге өрт сөндірушілердің немесе құтқарушылар көмегі қажет болса, бірыңғай нөмірге "112" хабарласыңыз.