Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +23°
$
442.84
-0.32
480.97
+0.58
¥
61.14
-0.04
5
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыстағы желтоқсаншылар жайлы кітап жарық көрді

Бүгін Өскемен қаласында шығысқазақстандық желтоқсаншылар туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыстағы желтоқсаншылар жайлы кітап жарық көрді

Бұл кітап жерлес желтоқсаншылардың естеліктеріне негізделген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бүгін ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген қасиетті де қастерлі – Тәуелсіздік күні. Осыдан 31 жыл бұрын 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заңды қабылдаған болатын.

Сондай-ақ, осыдан 36 жыл бұрын орын алған Желтоқсан оқиғасы да дәл осы күні басталған еді. Жалынды қазақ жастары азаттық жолында алаңға шығып, Кеңес билігіне наразылық білдірді. Талай қазақ қыршын кетті. Осыдан кейін Кеңес елінің түпкір-түпкірінде сан түрлі толқулар басталып, ақыры 5 жылдан кейін Қызыл империяның туы жығылды. Қазақ азат болды.

Осы айтулы күнге орай Өскемен қаласында желтоқсаншылар бас қосты. Жерлес желтоқсаншылар туралы тұңғыш кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл кітап шығыстан шыққан желтоқсаншылардың естеліктеріне негізделген. «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен қолға алынған кітапты шығаруға Өскемен қалалық әкімдігі қолдау көрсеткен.

Желтоқсан оқиғасы Қазақстанның өміріне қалай әсер еткенін білеміз. Совет одағының қабырғасы әйтеуір бір күні сөгілетінін көбі болжаған еді. Бірақ соның бастауы қазақ жерінен, қазақ жастарынан шыққаны – біздің ұлтымыздың азаттыққа деген құштарлығын, ішкі рухын көрсетеді. Біздің негізгі парызымыз – осындай жанқиярлық ерлікті ұмыптау ғана емес, соны болашақ ұрпаққа да ұмыттырмау. Ол үшін қадау-қадау шаруалар атқарылуы керек. Соның бірі – бүгінгі кітаптың тұсаукесері. Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай жерлес желтоқсаншылармен кездесуде бірнеше шара жоспарланған болатын. Сол жоспардың бірі осы еді, - деді Өскемен қаласының әкімі жақсылық Омар.

imgonline-com-ua-Resize-nTcdUpewTcbJ.jpg

Желтоқсанның жалынды жастары туралы көптеген деректі шығарылымдар жазылып, фильмдер түсірілді, ән-жырлар арналды. Ал бүгін тәуелсіз еліміздің тарихи мұрағаты тағы бір деректі кітаппен толығып отыр.

"Шығыстық желтоқсандықтар" - желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлестерімізге деген құрмет пен тағзымның белгісі деп ойлаймын, - дейді кітаптың техникалық редакторы, кітапханашы, оратор Гүлбаршын Абылғазинова. - Желтоқсан оқиғасы туралы қаншама кітаптар, естеліктер, публицистикалық шығармалар, энциклопедиялық туындылар шығып жатыр. Бірақ шығысқазақстандықтар туралы кітаптар жоқтың қасы. Мені өлкетанушы ретінде «Желтоқсан оқиғасының салқыны біздің облысымыздың қоғамдық-саяси өміріне қалай әсер еткені, кім шықты, не істеді, қандай әрекеттерге барды» деген сұрақтар қызықтырды. Қызыл түсті кітаптың ішінде қаншама адамның тағдыры жатыр. Өрімдей жастардың қанымен, жанымен Тәуелсіздіктің қалай келгені жайлы тарих жазылды. Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі 1986 жылы 19-22 желтоқсан аралығында Өскемен және Семей қалаларында болған саяси бас көтеруге қатысқандар хақында. Екінші бөлімде 1986 жылы 17-18 желтоқсан күндері алматы қаласында болған көтеріліске қатысқан шығысқазақстандықтар жайлы.

Кітаптың тұсаукесеріне Қазақстанның түкпір-түкпірінен шығыстан шыққан желтоқсаншылар жиналды.

Жақсылық Мұқашұлы мен қалалық әкімшілікке алғыс айтамыз. Уәде етілген жоспарлар жүзеге асып жатыр. Әлі талай атқарылар шаруа бар, қоянқолтық жұмыс жасаймыз деген ниеттеміз, - дейді "Желтоқсан-86" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Маратбек Рамазанов.

Следующая →