Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шетелдік көлікті заңдастыруға жарты жыл уақыт берілмек

Мемлекет басшысы Үкімет отырысында шетелдік көліктерді заңдастыру мәселесін реттеуді тапсырған болатын

Новости Казахстана / Шетелдік көлікті заңдастыруға жарты жыл уақыт берілмек

Соған сәйкес Салық кодексі мен Экологиялық кодекске түзетулер енгізілген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, шетелден әкелінген, заңдастырылмаған көліктерді мемлекет ұсынып отырған жеңілдікті пайдаланып рәсімдеп алуға 6 ай уақыт берілмек. Салық кодексіндегі түзету бойынша, заңдастыруға жататын көлікті бастапқы тіркеу үшін төленетін алым 200 мың теңге етіп белгіленбек. Ал, Экологиялық кодекстегі түзету бойынша кәдеге жарату төлемі (утильдік алым – ред.) алып тасталмақ.

Ішкі істер министрлігі шетелден әкелінген көліктерді заңдастырудың тәртібін, мерзімі мен шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын дайындады. Қажетті заңнамалық өзгерістер күшіне еніп, тиісті Үкімет қаулысы қабылданғаннан кейін заңдастыру басталады. Заңдастыруды 6 ай ішінде жүргізу жоспарланып отыр, - деді Әкімшілік полиция комитетінің басшысы.

Следующая →