Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ә. Қаңтарбаев: "Талаптанды таныту үшін әлі талай шаруа атқарылуы керек"

Тәуелсіздік  жылдары қазақ прозасына жаңалық әкелгендердің бірі - Талаптан Ахметжан

Усть-Каменогорск и ВКО / Ә. Қаңтарбаев: "Талаптанды таныту үшін әлі талай шаруа атқарылуы керек"

Шығыс Қазақстанның тумасы қалың оқырманға «Сұлу мен суретші», «Мұң» сияқты шығармаларымен жақсы таныс.

Талаптан Ахметжан 1961 жылы Күршім ауданының Теректібұлақ ауылында дүниеге келген. Өзі құрылыс институтын тәмамдаса да шығармашылыққа құштар ол бірнеше басылымда тілші, тіпті бас редактор болып қызмет еткен. 

Қазақстан шығармашылық жастарының Республикалық «Жігер» фестивалінің (баспасөзде жарияланған әңгімелері үшін, 1988), Қазақстан Жазушылар одағының Оралхан Бөкей атындағы сыйлығының (жазушы жайлы жазған естеліктері мен сын мақалалары үшін, 1995), Қазақстан Жастар одағы сыйлығының («Тұма» атты тырнақалды кітабы үшін, 1996), Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының («О дүниенің қонағы» атты кітабы үшін, 2002), Халықаралық Валентин Пикуль атындағы сыйлықтың (шығармашылықтағы жетістіктері мен халықаралық әдеби байланысқа сіңірген еңбегі үшін, 2008 ) лауреаты. 

Талантты жазушы елуді еңсерместен өмірден кете барды. Бірақ саналы ғұмырында адамгершілік, ізгілікке үндейтін бірнеше тың шығарма жазып кетті. 

Талаптан Ахметжанның «Шәрбат», «Тұма», «Тергеу», «Төрт қанден», «Күнәһар», «Айқасқа» сияқты әңгімелері де өзіндік айтары бар шебер туындылар. Олардан бөлек көпшілік оқырмандарын елең еткізген әңгімелерінің бірі – «О дүниенің қонағы». Әңгіме тақырыбының өзі тосындау. Әңгімеге бүгінгі күннің шындығы арқау болған. Кеңес өкіметі ыдырап, еліміз Тәуелсіздік алған жылдары қоғамда әр түрлі жағдайлар орын алып жатты. Ал қоғам мүлкін жекенің қолына беру біраз пысықайлардың бағын ашты. Олар әке-жәкесін, қолында билігі бар таныстарын жағалап жүріп өкіметтен біраз дүниені өз меншігіне қаратып үлгерді. Соның арқасында олар байып шыға келді.


Талаптан өмірден ерте озып кетті, - деп еске алады жазушының замандасы, журналист, публицист Әлібек Қаңтарбаев. - Бір өкініштісі - бойындағысының барлығын бере алмай кетті. Халық енді-енді танып келе жатқан еді. Бірақ қысқа ғұмырының өзінде көп оқырманның көңілінен шығатын, ұлттық рухты көтеретін үлкен шығармалар жазды. Көркем әдебиетте Талаптанның алатын орны ерекше. 

Талаптан талантынан бөлек, көптің көңілінде көркем мінезімен де есте қалды.

- Өмірде керемет биязы жан еді. Өзінің кітаптарында жазылғандай тұла бойы лиризмге толы. Талаптанды шығыс халқының жадында қалдыру үшін әлі талай шаруа атқарылуы керек. Ол туралы әңгіме болашақта айтыла жатар... - дейді Әлібек Қаңтарбаев.

Следующая →