Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да тау-кен кәсіпорнына айыппұл салынды

Кәсіпорын техникалық регламентті сақтамағаны анықталды

Новости Казахстана / ШҚО-да тау-кен кәсіпорнына айыппұл салынды

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша департаменті, әкелінген өнімді шартты түрде шығару жөніндегі құжаттарға жүргізілген талдау нәтижелері бойынша облыстың ірі тау-кен өндіру кәсіпорындарының біріне қатысты әкімшілік материалды қарады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі министрлік мәлімдемесіне сүйеніп.

Талдау барысында әкелінген жиынтық сорғы жабдығына сәйкестікті бағалауды растайтын құжаттардың жоқтығы анықталды.

Анықталған сәйкессіздіктер "Техникалық реттеу туралы" ҚРЗ 25-бабының, 26-бабының 1, 2-тармағының, 35-бабының талаптарын бұзған.

Сонымен заңнама талаптарына сәйкес өнімнің сәйкестігін міндетті түрде растау техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Техникалық регламенттер қолданысқа енгізілген, сәйкестікті бағалаудан өтпеген, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болмаған жағдайда немесе Техникалық реттеу тізілімінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімдерінде осындай құжаттардың болуы туралы мәліметтер болмаған кезде өнімді айналысқа шығаруға тыйым салынады, - делінген СИМ баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Жоғарыда аталған тауарлар КО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес міндетті түрде сәйкестігін растауға жатады, олар үшін КО ТР 010/2011 "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы", КО ТР 004/2011 "Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" сәйкестігін міндетті растау көзделген.

Бұндай талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘтҚК 415-бабы, 1-бөлігі 2-тармағы бойынша жауапқа тарту қарастырылған.

Кәсіпорынмен өнімді әкелу кезінде техникалық реттеу туралы заңнама талаптарын бұзудың алдын алу және одан әрі болдырмау жөнінде түсіндірме әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынға техникалық регламенттерінің талаптарын таныстыру мақсатында КО ТР 010/2011 "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы", КО ТР 004/2011 "Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия сайтының жұмысы көрсетілді.

Бүгінгі күні сорғы жабдығы тиісті құжаттарды берумен сәйкестікті міндетті растау рәсімінен өтті.

Следующая →