Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде облыстық поэзия байқауының жеңімпаздары марапатталды

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы кітапханада ақын Серік Ғабдуллаұлының 85 жылдық мерейтойына орай ақындар арасында байқау ұйымдастырған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде облыстық поэзия байқауының жеңімпаздары марапатталды

"Сөйле, менің жүрегім..." атты облыстық поэзия байқауының қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Аталған шараны Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхананың жанынан құрылған «Шабыт» ақындар мектебі мен Ұлан ауданының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Шараның шымылдығы Серік Ғабдуллаұлына арнау өлеңмен түрілді. Байқауға 20-ға жуық шығарма түскен.

Ұлан ауданы - ұлылардың мекені, батырлардың бесігі. Серік Ғабдуллаұлы "Шабыт" ақындар мектебінен талай ақынды баулып, ұшырды. Бұл үрдіс бүгін де үзілген жоқ. Артында қалған шәкірттері ақындар мектібінің тынысын жалғап жатыр. Алдағы уақытта байқауды дәстүрлі түрде жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрхат Садықов.

Шараға Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаев, Өскемен қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин және Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Әскерхан Ақтай төрелік жасап, ақындарға шығармашылық табыс тіледі.

Байқаудың 1-орнын Қызырбек Дүргінбайұлы,2-орынды Оразай Жеңісұлы, 3-орынды Бағжан Елсінбекқызы мен Дана Исағұлқызы, ынталандыру сыйлығын Дәулетберді Жекей мен Естай Жаңабаев иеледі.

Айта кетейік, Серік Ғабдуллаұлы дүниеден озғаннан кейін "Шабыт" ақындар мектебіне ақын Қызырбек Дүргінбайұлы жетекшілік етті. Арада бірнеше жыл өткен соң ақындар мектебінің тізгінін айтыскер ақын Серік Қуанған алып, қайта жаңғыртты.

Мүшәйраның мақсаты – Серік Ғабдуллаұлының шығармашылығын дәріптеу болғандықтан, кітап көрмесі де ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның өлеңдері мен өмірі туралы жазылған кітаптар қойылды. Сонымен қатар, "Шабыт" ақындар мектебінің жас ақындарының өлеңдер жинағы да қойылды.


Следующая →