Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +20°
$
441.79
-0.01
478.77
-1.25
¥
61.02
-0.04
4.9
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Өскемен-Алтай" автожолы ашылды

Бүгін "Қазселденқорғау" қызметі "Өскемен-Алтай" автожолының 58-66 шақырымында қар көшкіні жүргізілген

Усть-Каменогорск и ВКО / "Өскемен-Алтай" автожолы ашылды
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Қолдан жасалған жарылыс жұмыстары нәтижесінде 6090 текше метр қар түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жол қызметтері автожолды жедел тазартты.

Біз мұндай іс-шараларды беткейлерде қар жиналған кезде, әдетте қалың қар жауғаннан кейін өткіземіз. Облыста барлығы 325 аймақта көшкін қаупі бар, оларға мониторингті "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары жүргізеді, - деп түсіндірді "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

Құтқарушылар тұрғындардан тауға барудан бас тартуға шақырады.

Көшкін қаупі бар ошақтардан өтіп бара жатқанда тоқтамаңыз, қауіпті аймақтан тез кетіңіз. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса, барлық шұғыл қызметтерді ұялы телефоннан "112" бірыңғай нөмірі бойынша шақырыңыз, - деп атап өтті ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дина Бексұлтанова.

Следующая →