ШҚО-да тас жолдардың бірі жабық, тағы біреуі жабылады
ШҚО ТЖД құтқарушылары қатты қардың салдарынан облыстық маңызы бар жолдардың жабылғанын хабарлады
"Қазселденқорғау" ММ ақпараты бойынша 14 желтоқсанда 04.20-да "Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахманов кілттері" республикалық маңызы бар автожолында (Алтай ауданы, 62 км.) екі рет жалпы көлемі 1170 текше метр болатын қар өздігінен құлаған. Зардап шеккендер мен қираған заттар жоқ. Жол жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінің күшімен тазартылады.
Бүгін 11.00-ге Өскемен-Алтай автожолының 58-66 шақырымында қар көшкінін жүргізу жоспарланған, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.
Сондай-ақ, Өскемен-Новотроицк 0-22 шақырымы жабық.