ясно
°
$
503.35
590.63
¥
72.28
6.62
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да бірнеше аудандағы бірінші ауысым оқушылары сабаққа бармайды

Өскемен және Глубокое ауданында сабақтар қашықтықтан өтеді

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / Посещение школы для учащихся с первой смены отменили в нескольких районах ВКО
Фото:
Устинка LIVE

Қардың қалың түсуіне байланысты сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО Білім басқармасының ақпаратына сүйенсек, 14 желтоқсан күні 20 мектептің 0-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады.

Өскемен қаласындағы барлық мектептердің 0-11-ші сыныптары үшін сабақтар онлайн.

Сондай-ақ, Виннинская, Д. Қонаев атындағы мектептердің 0-4-ші сынып оқушылары қашықтан, ал 5-11-ші сынып оқушылары штаттық режимде білім алады.

6 мектепте, атап айтқанда: Черемшанск, Быструшинск, Тархановск, Сикисовск, Предгорное 2, Малоубинская орта мектептерінде 0-11 сынып оқушылары штаттық режимде жұмыс істейді.

Айта кетейік, "Қазгидромет" Шығыс Қазақстан облысында 14 желтоқсан күні ауа температурасы бірден 20-25 градусқа, солтүстігінде 30 градусқа дейін төмендейтінін хабарлаған болатын.


Следующая →