Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі толассыз қарды тазартуға барлық техника жұмылдырылған

Алайда кейбір аудандарға әлі жетпей жатса керек, тұрғындар шағымдануда

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі толассыз қарды тазартуға барлық техника жұмылдырылған

"Таза Өскемен" коммуналдық қызметі қолда бар барлық техника қар тазалау жұмыстарына джұмылдырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Техникалар тоқтап қалмайды, тек жүргізушілер кезекпен ауысып желіге шығып отырады. Жеке құрам қызметкерлері де сондай режимде жұмыс істейді. Қалада қар кешеден бері жауып тұр, сонымен қатар бүгін таңертең сағат 10.00 шамасында бұрқасын жел соға бастады. Сондықтан, барлық техникаларды жұмылдырудамыз. Бірақ жеңіл көлік пен қоғамдық көліктерге кедергі келтірмеуі үшін ауыр техникаларды түнде шығармақпыз, - дейді "Таза Өскемен" ШЖҚ КМК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ коммуналдық қызметкерлер қаланың барлық көшелері кезең-кезеңімен қардан тазартылатынын атап өтті.

Тұрғындар кейбір көшелердің тазаланбағанын айтып, әлеуметтік желіде жиі шағымданады. Барлық көшелер тазартылады, тек таулы аймақта тұратын аудандарда жел соғып, қолайсыздық туғызуы мүмкін. Мәселен, 19-шы шағын ауданда жел қатты соғады. Грейдерлер жүріп өтсе де, қатты жел салдарынан қайта қар алып қалады, - дейді жауапты мекеме.

Следующая →