Өскеменде дүкен қызметкерлері 19 миллион теңгенің мүлкін жымқырған
Төрт күдікті төрт ай бойы қаладағы ауда-ойын-сауық орталығын тонап келген
Полицияның назарына орталықтың төрт қызметкері ілікті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өскемен қ. ПБ Ертіс полиция бөлімінің «102» жедел арнасына ЖШС өңірлік басқарушысы жүгінген. Өтініш берушінің ақпараты бойынша ағымдағы жылдың шілдесінен қарашасы аралығында Өскемен қаласының сауда-ойын-сауық орталықтары бірінде дүкен қызметкерлері шамамен 19 000 000 теңге сомаға мүлікті жымқырған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары төрт күдіктіні анықтап, ұстаған. Олардың барлығы 20 мен 21 жас аралығындағы университет студенттері болып табылған, - делінген ШҚО ПД ақпаратында. - Қазіргі уақытта аудиторлық тексеру жүргізілуде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 189-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кінәні мойындаған жағдайда күдіктілер жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.