Глубокое тұрғыны 400 келі балықты рұқсатсыз аулаған
"Өскемен – Шемонаиха" тас жолының 60 шақырымында тоқтатылған көліктен 400 келі балық табылған
Көлік иесі Глубокое ауданының 40 жастағы тұрғыны. Ол көлікте тиісті құжаттарсыз шамамен 400 кг табан балықты тасымалдаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, жауап алу кезінде Убинка ауылының Шүлбі су қоймасының жағасында балық аулағанын айтып, кінәсін мойындаған, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 335-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ер адамның үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектелуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.