Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тәуелсіздікті тағылымдық, тарихи тұрғыдан көп насихаттау керек

Тәуелсіздік күніне орай Өскемен жастары ел ағаларымен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Тәуелсіздікті  тағылымдық, тарихи  тұрғыдан көп насихаттау керек
Фото:
Тілеубек Шаяхметов

Жастардың бойындағы ұлтжандылық сезімін оятып, ел болашағы үшін сүбелі ойлар ортаға салынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Birtolqynda" шарасының ұйымдастырушылары – "Жастар ресурстық орталығы" мен AMANAT партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанаты.

ҚР Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, жазушы, журналист Әлібек Қаңтарбаев пен ақын Қалқаман Сарин тәу етер тәуелсіздіктің мән-мағынасы мен қадір-қасиеті жайлы сөз қозғады. Жастардың сұрақтарына жауап беріп, ой-пікірлерін тыңдады.

Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Біз тәуелсіздігімізді бір-ақ жолмен – біліммен ғана дәлелдей аламыз. Сондықтан да жастар білімге ұмтылуы керек. Дүние жүзі жастарымен бәсекеге түсе алатындай болуларың керек. Сонда ғана елдің ертеңі мәңгі, тәуелсіздігі тұғырлы болады, - дейді Әлібек Қаңтарбаев.

Осы орайда елдігімізді айқындайтын басты мерекенің көлеңкеде қалып келе жатқанына да қынжылыс білдірді.

Тәуелсіздігіміз желтоқсан айының екінші жартысына дөп келгендіктен Жаңа жылдың көлеңкесінде қалып отыр. Жаңа Қазақстан орнатамыз, Қазақстан қағынып-сілкінеді, жуынып-шайынады деп жатырмыз. Сенбеске лажымыз жоқ, сенейік, - деп үміттенеді жазушы.

Ал жалынды жырларымен жастардың да сүйікті ақынына айналған Қалқаман Сарин Тәуелсіздік күнін тарихи, тағылымдық тұрғыдан көп насихаттау керектігін айтады.

Қасым Аманжолов өз өлеңдерінің бірінде "Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ!" дейді, сол бақытты ұрпақ біз шығармыз. Тәуелсіздіктің ақ таңын көріп, ұйқымыз тыныш, бейбіт өмір кешіп жатқан біздер осының бағасын білуіміз керек, - дейді Қалқаман Сарин. - Тәуелсіздік деген – ата-бабамыздың арманы, сондықтан бүгінгі ұрпақ оның оңайшылықпен келмегенін түсінуі керек. Бұл кұндері түнеріп, қайғы-қасіретті жылдарды еске ала беру де мақсат емес. Сондай-ақ, ырду-дырду думандатып, ат шаптырып, қазан-қазан ас босатпай, танымдық, тарихи бағыттағы кештермен, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұқтыратын жиындарды жиі өткізу керек.



Следующая →