Өскемен
ясно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +26°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +34°
  • Павлодар
    +26°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +33°
$
472.62
-0.53
513.22
-1.90
¥
64.97
-0.08
5.43
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл ШҚО-да қанша егін жиналды?

ШҚО-да күзгі жиын-терін науқаны сәтті аяқталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл ШҚО-да қанша егін жиналды?
Фото:
редакция мұрағатынан

Биыл өңірдегі 639,6 мың га жерден ауыл шаруашылық өнімдері жиналды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Диляра Жылқайдарова атап өткендей, 284,7 мың га жерден дәнді және бұршақты, 209,4 мың га аумақтан майлы дақылдар, 11,63 мың га алқаптан картоп, 4,5 мың га жерден басқа да көкөністер жиналды.

Ағымдағы жылы егін жинау жұмыстарын табысты жүргізу үшін ҚР Энергетика министрлігі облыс шаруашылықтары үшін 17,8 мың тонна дизель отынын бөлді, күнбағыс тұқымын кептіруге қосымша тағы 3,2 мың тонна бөлінді, - деп атап өтті Диляра Жылқайдарова.

Ал топырақ құнарлығын арттыру мақсатында облыс шаруашылықтары минералды тыңайтқыштардың барлық түрінен 26 мың тонна сатып алғанын айтты брифинг барысында.

Биыл облыс аграрийлері дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар мен картоптың тұқымымен толық қамтамасыз етілді. Жыл сайын майлы және жемшөп дақылдары бойынша аздаған жетіспеушіліктің орын алуына байланысты, өзге облыстардан тұқымдарды алдырдық. Ағымдағы жылы ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы тұқым шаруашылығын қолдау аясында 1 млн теңгеден астам сомаға 4,5 мың тонна тұқымды және пестицидтердің құнын арзандатуға 1018 млн теңге сомасына 307,0 мың литр субсидияланды, - деді спикер.

Сонымен қатар жиын-теріннен кейін ауыл шаруашылық өнімдері ысырап болмасы үшін жаңа дақылды бастапқы өңдеу және сақтау үшін облыс шаруашылықтарында әртүрлі қуаттылықтағы 209 механикаландырылған токтар мен 5 лицензияланған элеваторлар жұмыс істейді. Қолданыстағы элеваторлар, астық қабылдау орындары және шаруалардың жеке меншік қоймаларында 1 миллион тоннаға жуық астық сақтауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, материалдық-техникалық құралдар мен техниканың қажетті мөлшерінің болуы өңірдің агроқұрылымдарына егін жинау жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізуге мүмкіндік берді.

Следующая →