Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО ТЖД Өскеменде үй иесін өрттен алып шыққан белгісіз құтқарушыны іздеуде

Өскемен қаласындағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, куәгерлер жалын ішінен әйел адамды аман алып шықты

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО ТЖД Өскеменде үй иесін өрттен алып шыққан белгісіз құтқарушыны іздеуде
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Өскемен қаласындағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, куәгерлер жалын ішінен әйел адамды аман алып шықты

Өскеменде Бажов көшесінің бойында жеке тұрғын үйді жалын шарпыды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төбенің ағаш құрылымдары, шатыры, жиһаздары, тұрмыстық техникасы мен жеке заттары жанып кеткен, - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. - Үй маңынан өтіп бара жатқан куәгер түтінді байқап, сол маңда тұратын көршісі Николай Соломаевты оятып, екеуі өртеніп жатқан үйдің терезесін сындырып кірген. Зейнет жасындағы үй иесін терезеден алып шыққан.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайтын өртті сөндірді. Барлығы 8 адамнан құралған жеке құрам мен 2 техника жұмылдырылды. Өрттің алдын ала себебі - үйдегі пешті жылыту қондырғысын орнату және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамау.

Құтқару жұмыстарына қатысып, өз деректерін қалдырмай кетіп қалған жігіттен ШҚО ТЖД 8777-977-21-21 телефоны арқылы хабарласуын сұрайды.

Следующая →