ШҚО-дағы туризмді дамыту үшін көктемде қандай жұмыстар қолға алынбақ?
Бүгін облыс әкімдігінде өңірде туризмді дамыту мәселесі бойынша кеңес өтті
Туризм - өңірде ерекше көңіл бөлініп отырған басым салалардың бірі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сол себепті ШҚО әкімі қазір қыс мезгілінде барлық жобалардың келісу рәсімдерінен өтуі өте маңызды, ал көктемде оларды іске асыру қажеттігін атап өтті.
Жаңа Бұқтырма бойынша маңызды эскиздік жоба дайындалуда - Осиновский асуын айналып өтетін "Өскемен-Алтай" тас жолы, Жаңа Бұқтырмадағы көшелерді жарықтандыру және абаттандыру, қызмет көрсету объектілерін салу, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов. - Жағалаудағы жаяу жүргіншілер аймағынан демалыс орталықтарына дейінгі жолда веложолдар мен түрлі құрылыстар да қарастырылатын болады. Бұдан басқа, кентте үлгілік жоба бойынша мемлекеттік тілде оқытатын 200 орындық мектеп салу жоспарлануда.
Сондай-ақ, Риддерге де маңызды эскиздік жоба қажеттігі ескерілді.
Тарханка, Топиха және Черемшанка арқылы өтетін жолды зерттейтін арнайы топ жұмыс істейді. Қалада көше жарығын қайта құру жүргізіледі - біз Риддер орталығы мен барлық автобус бағыттары үшін 2500 шам орнатуды қарастырамыз, - дейді облыс әкімі.
Ал Катонқарағай ауданында экологиялық туризмге баса назар аударылуда. Қазірдің өзінде арнайы жобалар бар.
Өлкетану мұражайының ғимаратындағы XIX ғасырдағы шіркеуді қалпына келтіреміз. Сондай-ақ, көпір салуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде, - деді Даниал Ахметов. - Әр жобада жол бойындағы қызмет көрсету нысандарына баса назар аудару қажет. Туризмді дамыту жобасы Сарыбел үшін де дайындалуда. Жалпы, аймақтық туристік әлеуеті өте жоғары және оны дамыту үшін мүмкіндіктер де көп.