Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы спорт клубы бар

Онда бүгінгі таңда 200-ге жуық шығысқазақстандық барып жүр

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы спорт клубы бар

Осы жандардың арасынан спорт шеберлері де шығып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.

2015 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйытқы болуымен "Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" жұмыс істеп келеді.

Клубтың міндеті – мүгедектер арасында бұқаралық спорттық қозғалысты қалыптастыру, сондай-ақ республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды іріктеу.

Қазіргі уақытта біздің спорт мекемесі бірнеше бағытта жұмыс істейді - бұл паралимпиадалық қозғалыс, қозғалыс және көру органдары зақымдалған адамдар үшін, есту органдары зақымдалған адамдар үшін иппотерапия, сонымен қатар шахмат, дойбы, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, пауэрлифтинг, қол күрес, жүзу, үстел теннисі, паралимпиадалық ат спорты, футбол, дзюдо бөлімдері ашылды, - дейді мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы директорының орынбасары Фарид Қалиев. - Спорт клубының балансында Глубокое ауданында ат спорты манежі бар, онда иппотерапия жобасы белсенді түрде жүзеге асырылады. 2016 жылдан бастап жыл сайын мамыр-желтоқсан айлары аралығында импотерапия жүргізіледі. Онда мүмкіндігі шектеулі 144 адам қатысады. Ал солардың ішіндегі 8 адам Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде бірнеше рет жарыстарға қатысқан спортшылар.

Айта кету керек, Қазақстандағы иппотерапия жобасы 2013 жылдан бастап бюджет есебінен толық қаржыландырылып келеді. Бірақ бүгінгі күні тек Шығыс Қазақстан облысында ғана аталған жоба іске асуда. Ал мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубында қазірдің өзінде 192 белсенді спортшы жаттығады. Олармен 20 жаттықтырушы жұмыс жасайды.

Жыл сайын клубта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт фестивалі өткізіліп, ШҚО-ның барлық аудандарынан спортшылар өзара сайысқа түседі. 7 жыл ішінде 123 "ҚР еңбек сіңірген спорт шебері", 15 спортшы "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері", 8-і "Спорт шебері" атақтарына ие болды. Жалпы, біздің міндетіміз балалар мен жастарды белсенді өмір салтына машықтау, мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа баулу, - дейді Фарид Қалиев.

Клуб Шығыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана ғимаратында, Новатор көшесі, 11/1 мекенжайында орналасқан.

Следующая →