Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандықтардың несиелері кешіріліп жатқаны рас па?

Әлеуметтік желіде қазақстандықтардың несиелері кешірілгені туралы түрлі ақпарат тарап жатыр

Новости Казахстана / Қазақстандықтардың несиелері кешіріліп жатқаны рас па?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы хабарламаларға түсінік берді, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде «кредиттік рақымшылық» жасалды және қарыздардың барлық түрлері есептен шығарылды» деген сынды ақпараттар тарап жүр.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпараттардың фейк, яғни, шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.

Агенттіктің мәліметінше, былтыр несиесі бойынша қарызы бар азаматтарды қолдауға бағытталған бірыңғай тәртіп енгізілген.

Кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарды қолдау үшін 2021 жылғы қазаннан бастап берешекті реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілді, - делінген агенттік ақпаратында. - Кредиттердің мерзімі өтіп кеткен жағдайда қарыз алушылар банкке немесе микроқаржы ұйымына өтінішпен жүгінуі қажет. Онда олардың өтініші қаралады және проблемалы берешекті қайта құрылымдау шарттары ұсынылады.

Қарызды қайта құрылымдау шарттары:

- сыйақы мөлшерлемесін төмендету;

- төлемді кейінге қалдыру;

- өтеу әдісін өзгерту;

- қарыз мерзімін ұлғайту;

- мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіру, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл), қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді жою және тағы басқа түрінде болуы мүмкін.

Егер қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау шарттары бойынша кредитормен келісімге келе алмаса, ол кредитордың жауабын алған күннен бастап 15 күн ішінде агенттікке жүгінуге құқылы,- деді ведомстводағылар.

Айта кетейік, берешекті реттеу туралы шешім қарыз алушының қаржылық жай-күйін және оның қаржы ұйымы алдындағы міндеттемелерін орындау жөніндегі мүмкіндіктерін терең талдау негізінде жеке тәртіппен қабылданады.

Следующая →
Тақырыптар: Несие Амнистия Фейк