Өскеменде жас ақындарға арналған байқау басталды
Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханасы "Сөйле, менің жүрегім..." атты облыстық поэзия байқауын жариялады
![Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде жас ақындарға арналған байқау басталды Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде жас ақындарға арналған байқау басталды](/upload/iblock/64f/lfvalj94a11frxtowltpg8rsimwatec2/imgonline_com_ua_Resize_r2lso5brcJ7hW.jpg)
Байқау Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, ақын Серік Ғабдуллаұлының 85 жылдық мерейтойына орайластырылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Поэзия байқауына 18-35 жас аралығындағылар қатыса алады. Мүшәйраға қатысушылар екі өлеңін жіберу керек. Біріншісі – Серік Ғабдуллаұлына арнау – бұл өлеңге ақынның өмірбаяны, шығармашылығы, қоғамдағы қайраткерлік қызметі және азаматтық болмысы өзек болуы шарт. Екіншісі – Тәуелсіздік тақырыбына арналған өлең, - деп хабарлады кітапхананың баспасөз қызметі.
Байқаудың шарты бойынша, туынды ешқайда жарияланбаған болуы тиіс.
Мүшәйраға қатысушылардың мәнерлеп оқу шеберлігі, талғамды, киім киісі және сахнадағы жүріс-тұрысына да назар аударылады.
Қатысушылар шығармаларын 2022 жылдың 10 желтоқсанына дейін, ukcbs@mail.ru электрондық пошта жіберулері тиіс.
Жеңімпаздар 14 желтоқсан күні анықталады. Толық ақпарат мына нөмірлер арқылы біле аласыздар: 87755129367, 87077610077 - Серік Қуанған.