Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы болып сайланды
Иманғали Тасмағамбетов ұйымды алдағы 3 жыл бойы басқарады
Тасмағамбетовтың кандидатурасын Армения премьер-министрі Николь Пашинян ұсынған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұйымға мүше елдердің басшылары Ереванда осындай шешімге келді.
Жиынның басында Ұйымның Бас хатшысы анықталды. Алдағы жылдан бастап бұл қызметті Иманғали Тасмағамбетов атқарады.
Осы жағдайды пайдалана отырып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан республикасының президенті ретінде қайта сайлануымен құттықтаймын. Сондай-ақ үш жыл бойы ұйымның бас хатшысы қызметін атқарған Станиславь Зась биыл өз қызметін аяқтайды. Үлкен алғыс айтамын. Келер жылдан бастап үш жыл бойы бұл міндетті қазақстандық Иманғали Тасмағамбетов атқарады, - Армения премьер-министрі Никол Пашинян.