Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендіктердің мазасын қашырған шошқа фермасы жабыла ма?

Өскемен қаласының Лесхоз, Шмелев Лог және Степное тұрғындары осы ауданда орналасқан шошқа фермасының жұмысына наразылық білдіріп, көшірілуін талап еткен

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендіктердің мазасын қашырған шошқа фермасы жабыла ма?
Фото:
редакция мұрағатынан

Жұрттың наразылығына байланысты ШҚО Экология департаменті тексеріс жүргізіп, жақында шешімін жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.


Даудың басы – шошқа нәжісі


Тұрғындардың наразылығына басты себеп – фермадан шығып жатқан лай су бұлаққа құйылып, бау-бақша суару былай тұрсын, халықтың өзі су іше алмай қалған. Тіпті, соңғы уақыттарда белгісіз инфекциямен ауруханаға түсіп, денсаулықтарына зиянын тигізе бастаған.

Мыңдаған шошқа өсірілетін фермамен көрші болғанымызға 15 жылға жуықтады. Ферма қоршаған ортаны ғана емес, тұрмысқа, шаруашылыққа қажетті суымызды әбден ластап бітті. Қазір суды қаладан тасуға мәжбүрміз. Өйткені су пайдалануға мүлде жарамсыз. Ішпек түгілі кір де жумаймыз. Шошқаның иісі аңқиды. Бау-бақшаны суғарып едік, кейбір көкөністер солып қалды, - дейді жергілікті тұрғындар.

Ауылдан небары 20-30 метр жерде шашылып жататын шошқаның жапасы көктемде қар ерігенде ауылдың ішімен ағып, Үлбі өзеніне құйылады екен. Жылдың басында (наурыз айында) жергілікті тұрғындар Өскемен қалалық әкімдігі мен облыстық Экология департаменті өкілдерімен кездесіп, мәселенің барлығын жіпке тізгендей айтып берген.

Сол кездесуде ШҚО Экология департаментінің өкілі ферма иесіне 2018 жылы ескерту жасалғанын да еске салған еді.

2018 жылы біздің мамандар шығарындылардың тазартылмағанын, лас су жерасты суларына қосылып жатқанын анықтаған болатын. Алайда талаптың неге орындалмай жүргенін білейік десек, шаруа қожалығының басшысы инспекторлардан қашып, кедергі келтіріп жатыр. Тағы бір мәселе: екі жылдан бері шағын бизнеске қатысты тексерулерге мораторий енгізілген. Соны кәсіпкер ұтымды пайдаланып жүр. Бізге жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін Экология министрлігінің бұйрығы керек. Мораторий бойынша 2023 жылдан бастап қана тексере аламыз, – деген еді департамент өкілі.


Сот шешім шығарды, айыппұл салды


Осы жиыннан кейін тұрғындардың шағымы негізінде шаруа қожалығына қатысты тағы да жоспардан тыс тексеріс жүргізілген, сотқа шағымданған.

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ШҚО бойынша Экология департаментінің «Митин А.Б.» ЖК-ға қоршаған ортаға тигізіп отырғаны зиянын жою жөнінде бұрын берілген ұйғарымдардың орындалмауына байланысты «Родничок» ШҚ қызметін тоқтата тұру туралы талап-арызы бойынша азаматтық істің қоғамдық тыңдауын жария етті, - делінген департамент таратқан ақпаратта.

Департамент тұрғындардың өтініші бойынша 2022 жылдың 28 сәуір - 31 мамыр аралығында «Родничок» ШҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы нормаларының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізген.

Степное кентіндегі шошқа фермасында шошқаның көңі мен қойыртпағы сияқты мал шаруашылығы қалдықтары ашық жерге төгілетіні анықталды, бұл топырақ жамылғысының ластануына әкеледі. Сондай-ақ, нөсер канализация жүйесінің болмауына байланысты жауын-шашын кезінде шошқа фермасының лас суы жан-жағына жайылатыны анықталды, - деп хабарлады ШҚО Экология департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, ферма шошқа қойыртпағын ассенизаторлық машинамен төккенде ол еріген және нөсер суларымен бірге ағып, жер үсті суларымен қоса жер асты суларын да ластауы мүмкін. Осындай талаптарды бұзғаны үшін кәсіпкерге 536 024 теңгеге айыппұл салынған.

Ескере кеткен жөн, ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бұл шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ. Сондықтан кәсіпкердің апелляциялық шағым беруге құқығы бар, бірақ бірінші инстанция «Родничок» ШҚ қызметі барысында қоршаған ортаға орны толмас зиян келтіретіні туралы Лесхоз, Степное және Шмелев Лог кенттері тұрғындарының пікірін ескере отырып, департаменттің дәлелдерін қолдады.


Сот шешімі күшіне енген жағдайда «Родничок» ШҚ қызметі тоқтатылады.





Следующая →